Бағдарлама шарты бойынша қазақстандықтарға 9%-пен 25 жылға жеңілдетілген ипотека беріледі. Бастапқы жарна – 20%. Бұл туралы  Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр растады.

«9-20-25 бағдарламасы мемлекеттік бюджет қосымша қаржыландыру есебінен Отбасы банкпен бірге жүзеге асырылады», – деді Скляр.

Айта кетейік, экс-премьер Әлихан Смайылов 26 қаңтарда Қостанай облысына барған ресми сапарында Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесуде «9-20-25» бағдарламасының 1 наурызда іске қосылатынын айтқан еді.

«Біз «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Оны «Отбасы банкі» жүзеге асырып, мемлекеттік бюджеттен 150 миллиард теңге бағытталады. Жастардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бағдарлама жыл сайын жұмыс істейтін болады. жыл сайын 8 мыңға жуық жас отбасы жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып ала алады», – деген еді Смайылов.

Бағдарламаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, жоба «Отбасы Банкімен» бірлесіп жүзеге асады. «Отбасы банкі» бағдарлама талаптарын атады. Бағдарламаға қатысушы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді, жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды деді. Бағдарламаға қатысу рәсімінің барынша ашық болуы үшін қарыз алушының келісімімен «Отбасы Банкінің» интернет-ресурстарында несие алғандардың тізімдерін жариялау жоспарлануда.

 

Қалада қарды шығару қағидаларын білесіз бе?

67 Рудный қалалық әкімдігі Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы шешімімен бекітілген қалалар мен елді…

Пәтер жалдау ақысын мемлекет өтеп береді. Бұл көмек кімге тиесілі?

76 Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың жалға алып отырған баспана ақысының 50%-ын мемлекет төлеп береді. Олардың…

Жас ғалымдарға қолжетімді тұрғын үй алудың шарттары бекітілді

53 Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жоба біршама пысықтаудан өтті. Оның критерийлері талқыланып,…

Абайлаңыз, көктайғақ!

73 Төтенше жағдайлар басқарма қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады

Жылу мәселесі қашан шешіледі?

26 Жақында 9 ақпан күні Рудный қаласында тағы да коммуналдық апат болды. Бұл жолы 24 капиталды…

iKomek: шағымдар ескерусіз қалмайды

75 Көпшілікке «109» байланыс нөмірі жақсы таныс. Күнделікті су, электр жарығын өшіру тәрізді мәселелерге тап болғанда,…

Рудныйда 50 лет Октябрь көшесі уақытша жабылады

39 Бұл қарды тазалауға және шығаруға байланысты

Рудныйдың 60 алаңында 1 ақпанға дейін жаңа қоқыс контейнерлерін орнату жоспарлануда

16 Бұл туралы брифингте «L-Traiding»ЖШС хабарлады

«L-Traiding» ЖШС Рудныйға жаңа контейнерлер орнатуды жалғастыруда

20 Бұл бағыт бойынша жұмыс демалыс күндері жалғасты, деп хабарлайды қала әкімдігі