Жас ғалымдарға қолжетімді тұрғын үй алудың шарттары бекітілді

Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жоба біршама пысықтаудан өтті. Оның критерийлері талқыланып, нарыққа ұсынылып отыр. «Отбасы банк» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы шарттарға тоқталып кетті.

«Ол банкке келіп, өзінің төлем қабілеттілігін растағаннан кейін 3 айдан кейін алғашқы немесе қайталама нарықтан үйді өздері іздеп, өздері табады. Басты шарт — сол жас ғалымның өзінің атында не болмаса отбасы мүшелерінің атында үй болмау керек. Яғни бұл тек қана алғашқы үй сатып алуға берілетін көмек деп білуге болады», – деді Жансұлтан Матай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *