Рудныйда жыл басынан 14 инвестициялық жоба іске асырылды

Бұл жайлы қала әкімі Виктор Ионенко облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың халықпен кездесуінде айтты.

— Жыл басынан бері жалпы сомасы 2 млрд. 153 млн. теңгеге 14 инвестициялық жоба іске асырылды, 135 жаңа жұмыс орны құрылды. Өнеркәсіп саласында құны 978 млн. теңге болатын 4 жоба, сауда саласында құны 825 млн. теңге болатын 8 жоба іске асырылды, құны 350 млн.теңге болатын 2 автокешен салынды. Жыл соңына дейін 411 млн. теңге сомасына тағы 3 жоба іске асырылатын болады,- деді қала басшысы.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — инвестициялар. Өткен кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 66,3 млрд. теңгені құрады. «ССКӨБ» АҚ және «Качары руда» АҚ кәсіпорындарында инвестициялар көлемінің төмендеуі байқалған. Басқа жекеменшік кәсіпорындар бойынша инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 64%- ға, бюджеттік ұйымдар бойынша 5 есе ұлғайған.

Азаматтардың әл — ауқатының негізгі көрсеткіштері қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың жұмыспен қамтылуы болып табылады. Рудный қаласы облыстың дамыған өнеркәсіптік аймақтарының бірі болып табылады. Қала құраушы кәсіпорындар өңірде ғана емес, Қазақстанда да экономика мен қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. 2023 жылдың 10 айында 496,9 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 8,6% — ға аз. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өнім өндіру көлемі 13,1%-ға төмендеді, бұл темір кенін өндірудің 19,5% — ға, тауарлық концентрат өндірісінің 0,3% — ға және геосаяси жағдайға байланысты түйіршіктер өндірісінің 19,4% — ға төмендеуіне байланысты.Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 20,9% — ға өсті. Отқа төзімді заттар өндірісі 7% — ға, ірімшік 13,6% — ға, сыра өндірісі 6% — ға артты,- дейді Виктор Ионенко Рудный қаласының 2023 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *