Әсерлі өткен ән-байқау

Қазақстан жаңа дәуірде біршама жетістіктерге қол жеткізді

Егемендігіміздің арқасында дүние жүзі қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін тән алды. 16 желтоқсан — еліміздің егемендігін жариялаған күн. Содан бері 32 жылға таяу уақыт өтті. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған арманы, сарғайып күткен сағынышы. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармайды. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын халқымыз нақты дәлелдеп берді. Қазірде елімізге тыныштық орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.

Артқа тастаған отыз екі жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән беріліп келуде. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени  қатынастар да жақсара түсуде.

Егемендік мерекесі қарсаңында желтоқсан айында Қостанай облысы Рудный қаласында «Алые Паруса» мәдениет орталығында Тәуелсіздіктің 32жылдығына орай» Атамекен» патриоттық ән байқауы болып өтті. Оған Рудный қаласының мектептерінен және қала тұрғындарынан, мәдениет орталықтарынан 8 жастан 15 жастағы,16 жастан жоғарғы жас жеткіншектер қатысты. Қашар кентінен Махаббат Серкебаев «Күн дидарлы Қазақстан» әнімен, «Әгугай» вокалды аспапты ансамблі «Атамекен» әнімен, «Гармония» вокалдық ансамблі» Костанайский край» әнімен, 4″ә»-сынып оқушысы Турдибаева Жания «Еркіндігімнің айғағы» әнімен, 6 «ә»сынып оқушысы Мұхантай Ұлмекен «Отан» әнімен өнер көрсетті.

Осы музыкалық қойылымдарды дайындаған жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Балалар арасынан Мұхантай Ұлмекен 1-орынға ие болды.» Әгугай «вокальдық аспаптық ансамблі 2-орынға, Гармония вокальдық ансамблі 3-орынға ие болды. Мұндай сайыстардың көп болуын қалап, жақсы көңіл -күймен мектебімізге оралдық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *