«ERG Service» алғаш шойын балқытуының 60 жылдығын атап өтті

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «ERG Service» ЖШС филиалында жөндеу механикалық метал илемдеу зауытында металды мерейлі балқыту шарасы өтті. Салтанатты құйма 2022 жылы сервистік компания құрамына өткен Жөндеу механикалық метал илемдеу зауытының 60 жылдығына орайластырылған.Бұл жайында орталықтың баспасөз қызметі хабардар етті.

Мерейтойлық балқымаға ДСП-6-Н2 пеші таңдалған. Металды мастер Марат Шаяхметов жетекшілік ететін металл мен қорытпа балқытушылар Ғанибет Ерманов пен Нұрлан Мирмановтың №4 бригадасы әзірледі. Мерейлі балқытудамарганецтелген болат қолданылып, одан ЭКГ-5 шөмішіне керекті тістер құйылды.

–Жұмысым өзіме ұнайды. Жаңа бұйымдар жасау, дамып, біліктілікті шыңдауға сеп, — дейді Ғанибет Ерманов.–Құйма цехында 2003 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Туысымның ұсынысымен алдымен қалып жасаушы болып жұмысқа тұрдым. Араға 10 жыл салып, біліктілігімді арттырып, балқытушы болдым. Металды шыңдау – адамның жанарын жіпсіз байлайтын әдемі көрініс. Балқытушылардың көбінің зейнет жасына дейін қызмет ауыстырмауының сыры осында.

Осы орайда,сонау 1964 жылы 14 мамырда алғашқы балқытудан құйылған ескерткіш тақта құйма цехында әлі бар екенін айта кеткен абзал.

–Зауыттың іргесін қалап, өрістеп кетуіне септескен ардагерлерге әрдайым құрмет ерекше,- деп бастады сөзін «ERG Service» ЖШС Бас директоры Сергей Перепечин. – Ұжымның содан бері үздіксіз толысқан тәжірибесі кейін келе қызықты тапсырыстар мен жобаларды, ауқымды жоспарларды іске асыруға сеп болды. Бүгінгі мерейлі меже де жаңа белестерді бағындыру жолындағы табысты қадамға айналарына сенімдімін. Қазірдің өзінде шығаратын өнім түрлері мен жеткізілім ауқымы кеңіп келеді. Біздің мамандар – теңдессіз құзіретке ие. Олардың білімі мен толысқан тәжірибесі – сервистік компания жұмысының тірегі.

Жөндеу мехникалық метал илемдеу зауытының әр ауысымында еңбек қайнап жатады. Мұндағы жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері күрделі әрі алуан түрлі масштабтағы бөлекштер жасауға сеп. Бұрғылау қондырғылары, жүк көтерім крандарының метал құрастырмалары, экскаваторлардың шөміштері, ауыр жүк көліктерінің кузовтары осында жамалып, тіпті кейде кәдүмгідей жаңарып шығады. Жер асты кеніштеріндегі вагонеткалар, сырмалар мен астау-науалар, конвейер шынжыры мен металл шпалдардың бәрі осында жасалады. Мұндағы құйма өндірісінің де орны бөлек. Негізінен экскаваторларға керекті бұйымдар, теміржол көлігінің сан алуан қосалқы бөлшектері, фабрикадағы жабдықтардың бөлшектері түгел осында құйылады. Цех қарапайым, кейде тіпті күрделі қалыптағы құймалар жасайды. Мұндағы балқытушылар болат пен қорытпаның 50-ден астам түрін меңгеріп, құйма қалыптарға құйып береді.

–Біздің әріптестер бір-бірімен иық тірестіре қатар жүріп, кәсіби маман ретінде тәжірибелері толысқан. Ұжым үздіксіз толығып, жаңарып отырады. Құрметті ардагерлер зейнет демалысына шығып, олардың орнын жаңа буын – жастар басып, бірден тәжірибелерін де танып, үйреніп қалуға талпынады,- деді «ERG Service»

ЖШС Рудный қаласындағы филиалының директоры Евгений Ефименко. – Қазір зауытта қуатты кәсіби команда жұмыс істеп, күрделі тапсырмаларды тиімді шешіп жүр.

 

Жәнібек ҚАЛАБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *