«L-Traiding» ЖШС Рудныйға жаңа контейнерлер орнатуды жалғастыруда

Бұл бағыт бойынша жұмыс демалыс күндері жалғасты, деп хабарлайды қала әкімдігі

Жаңа контейнерлер Пионерская, 20 және 28, Парковая, 126 мекен-жайында пайда болды. Қаланың 22 контейнерлік тұрағына барлығы 156 контейнер орнатылды.

Бүгін осы бағыт бойынша жұмыс жалғасын тапты. Кәсіпорын қоқыстарды шығару және контейнерлерді орнату жұмыстарын келесі мекенжайлар бойынша жүргізеді: Сандригайло көшесі, 60, 63/1, 74.

Қаланың 60 тұрағына жаңа контейнерлер орнату жоспарлануда, олар бойынша қоқыс шығаратын компаниялар арасында байқау өтті. Естеріңізге сала кетейік, «L-Traiding»ЖШС жеңімпаз атанды.

1 ақпаннан бастап жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарына жаңа фирма шот-фактура жасайды. «L-Traiding» ЖШС-нің қызметтерін онлайн режимінде ББО арқылы және ББО бөлімшелерінде төлеуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *