Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».

Іріктеуге қатысу резервшілерге жергілікті жерлерде жаңаша өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Іріктеуге жоғары білімі және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, 35 жастан аспаған еліміздің азаматтары қатыса алады.

Қостанай облысының кадр комиссиясы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып, өңірлік резервке іріктеудің мынадай салалық бағыттарын айқындады:

— инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

— агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

— экономикалық және қаржылық саясат;

— цифрландыру;

— әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

Қатысуға өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1-31 наурызы аралығында onir.pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.

Білімді, еңбекқор және жасампаз азаматтарға  өңірлік кадр резервтеріне іріктеуге қатысу үлкен мүмкіндік болмақ.

Қымбат үй жануарларын декларациялау жануар иесінің қалауы бойынша ұсынылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

«Иесінің қалауы бойынша, егер шын мәнінде, асыл тұқымды жылқының құны 1000 АЕК-тен асатын болса, оны декларациялауға болады. Өйткені, иесі асыл тұқымды жануарлармен кәсіби тұрғыда айналысып, оны сатса, сол ақшадан тағы жануарларды сатып алса, оған бұл сома өз шығындарын растау үшін қажет болады. Мұның бәрі әр иесінің қалауы бойынша жасалады», – деді Қайрат Миятов.

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Азаматтар мұны үйден шықпай-ақ, банктік қосымшаларды пайдалана отырып және «Салық төлеуші кабинеті» МКК web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz порталдары арқылы жасай алады.

Бағдарлама шарты бойынша қазақстандықтарға 9%-пен 25 жылға жеңілдетілген ипотека беріледі. Бастапқы жарна – 20%. Бұл туралы  Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр растады.

«9-20-25 бағдарламасы мемлекеттік бюджет қосымша қаржыландыру есебінен Отбасы банкпен бірге жүзеге асырылады», – деді Скляр.

Айта кетейік, экс-премьер Әлихан Смайылов 26 қаңтарда Қостанай облысына барған ресми сапарында Қостанай өңірлік университеті студенттерімен кездесуде «9-20-25» бағдарламасының 1 наурызда іске қосылатынын айтқан еді.

«Біз «9-20-25» бағдарламасын әзірледік. Оны «Отбасы банкі» жүзеге асырып, мемлекеттік бюджеттен 150 миллиард теңге бағытталады. Жастардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін бағдарлама жыл сайын жұмыс істейтін болады. жыл сайын 8 мыңға жуық жас отбасы жеңіл шарттармен тұрғын үй сатып ала алады», – деген еді Смайылов.

Бағдарламаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді, жоба «Отбасы Банкімен» бірлесіп жүзеге асады. «Отбасы банкі» бағдарлама талаптарын атады. Бағдарламаға қатысушы жаңадан салынып жатқан тұрғын үйді, жеке құрылыс салушылардан сатып ала алады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды деді. Бағдарламаға қатысу рәсімінің барынша ашық болуы үшін қарыз алушының келісімімен «Отбасы Банкінің» интернет-ресурстарында несие алғандардың тізімдерін жариялау жоспарлануда.

 

«Өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы Үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет.

Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз.

 

Сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек. Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.