Өскелең ұрпақ — ел болашағы. Олардың қауіпсіздігі мен бақыты — ересектердің жауапкершілігінде. 1 маусым балалар күніне орай елімізде кәмелетке толмағандардың құқығын және қауіпсіздігін сақтап, жарқын болашағын қамтамасыз ету бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
~ Білім беру саласында 4,8 млрд теңгеге жуық жымқыру фактілері анықталып, 3,5 млрд теңгеден астам каражат мемлекетке кайтарылды.
~ Вейпке — жол жоқ: заңсыз айналымнан 1,8 млрд теңге сомасына 350 мың вейп тәркіленді.
~ 97 заңсыз ойынхана жабылып, жастарды азғыруға бағытталған арам пиғылды әрекеттер тоқтатылды.
~ Есірткісіз болашақ: есірткіге қатысты 180 құқық бұзушылык дерегі анықталып, дер кезінде тоқтатылды.
~ Еліміздің мектептерінде қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілді.
~ Ұлттық қаржылык қауіпсіздік олимпиадасына 3500-ден астам студент қатысты. Бұл жастардың сауатты әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына негіз қалайды.
«Біз балалар мен жастардың денсаулығы, тәрбиесі мен қаржылық сауаттылығы үшін алдын ала әрекет етеміз. Олардың қауіпсіздігі — ел кауіпсіздігінің іргетасы.
ҚМА — кауіпсіз әрі бақытты балалық шақ үшін. Біз жасөспірімдердің денсаулығын корғау үшін күресті жалғастыра береміз.», — ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
Жанарай Нурмаханбетова