Жалпыұлттық диктант өтті

5 қыркүйек күні еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам бір мезгілде «Мағжан Жұмабаев — заманның заңғар тұлғасы» деген тақырыпта қазақ тілінде жалпыұлттық диктант жазуға қатысты.

Іс-шара қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Өйткені, осы күні қазақ әліпбиінің негізін салған ағартушының туған күнінде тілдер мерекесін тойланады. Іс-шараны Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко өз сөзімен бастады. Барлық қатысушыларды құттықтап, тілдер күні А.Байтұрсынұлының мерейтойымен тұспа-тұс келгеніне ерекше назар аударды.

Биыл жалпыұлттық диктантты Қазақстан халқы тілдері күніне орай, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы ұйымдастыруымен облысымыздың барлық өңірлерінде бірлесіп өткізілді. Мақсат — халқының азаттығы жолында бар ғұмырын арнаған ұлт арысы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын, жасаған игі істерін дәріптеу. Екіншіден, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерімен жұмыс жасау және тіл мәртебесін арттыру.

Диктант жұмысы әр азаматқа өзінің білімі мен сауаттылық деңгейін тексеруге берілген мүмкіндік болды. Барша қатысушылар үлкен дайындықпен келген. Диктант мәтінін оқыған Жанат Досыбаева, бұл қазақстандықтарға маңызды күн екенін атап өтті.

«Тіліміздің мәртебесін, тұғырын көтеру мақсатында бүгін жиналып отырмыз. Аталған диктантқа әртүрлі мемлекеттік мекемелерден өкілдер жиналды. Диктант тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналып бекітілді. Сағат тура 11:00-де қатысушылармен жазуды бастадық. Барлығы ойдағыдай сәтті өтті, болашақта осындай іс-шаралар көбірек болады деп үміттенемін»,-дейді Рудный қаласы әкімдігінің Қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанат Балтақызы.

Қатысушылар қатарында мемлекеттік қызметшілер, полиция басқармасының өкілдері және өз қалауымен келген азаматтар болды.

Гүлім Мұрат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *