Замануи мұсылманның келбеті

Қыркүйектің 22 жұлдызында жұма күні Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінде асыға күткен іс-шара өтті. Елімізге белгілі ұстаз, ҚМДБ «Балаби қари» қарилар дайындау орталығының директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Арман Қуанышбаев қала топырағын алғаш басып, жамағатпен арнайы кездесті. Жиналған үлкен-кіші жамағатқа «Замануи мұсылманның келбеті» атты уағыз-насихатын оқылды.

Дін деген адамның жан жүрегіндегі шынайы құндылығы. Сол жүректегі құнды дүниені кейде мұсылман түсінбейді.  Қазіргі заман, ақпарат әлемінде мұсылман бейнесі қандай болуы абзал? Дұрыс жолда жүру, имандылығынды одан әрі көбейту үшін қандай шаралар қолдану қажет? Заманауи мұсылманның қандай міндеттері бар? Арман Қуанышбаев осы және өзгеде мәселелерге тоқталып, толық түсіндірді.

«Рудный қаласына бірінші рет келіп жатырмыз. Жамағатпен кездесудегі мақсат-  мұсылманның заманауи келбеті тақырыбында пікір алмасу. Заман талабына сай мұсылман қандай болуы керек, жан-жақты дамыған, өркениет, түрлі-түрлі инновация, өзгеріп жатқан уақытта дін құндылығын сақтау мәселері айтылды. Қазіргі ақпарат әлемінде рухани азықты дұрыс тексерілген ашық дереккөздерден алу қажет. Осындай кездесулер халық арасындағы өзекті сауалдарға лайықта түсіндірмесін бермеді»,- деді Арман ұстаз.

Руханият және материалдық әлем арасында баланс орнатылмаған. Ұстаз айтып өткендей, бұл заманда мал, мүлік пен ақшаға құмар, өзін адастыруға дайын мұсылман адамдарда бар. Бұл мұсылманның өз парыздарын орындауға тікелей кері әсерін тигізеді. Материалдық жағдай мен рухани сенім арасын дұрыс оймен түзетіп алу, теңгерімді, салауатты өмір сүру қажет. Арман Қуанышбаевтың айтуынша, қазіргі заманды мұсылман келбеті өзгеруде. Ол адамның ақпараттық аш болуы, ізденбеуі, әзілге жақын, бірақ білімге құштарлығы жоқтықтан басталды. Кітап ашып, өз  имандылығын көбейтетін жамағат саны күн өте азюда.

«Бүгінгі уағыздың маңыздылығы үлкен. Біріншіден, қазіргі жастарымыз батыстан келіп жатқан түрлі ағымдарға, ой пікірлерге бой алдырмай тұрмайды. Оның әсерінен кейбіреуі біздің қазақилығымызды, асыл дінімізді, сырттан келген түрлі ағымдарға, тіпті өзге діннін ұстанымдарын араластырып жүргенін байқаймыз. Ол заманауи психология, бизнес саласы және т.б. Сондықтан дініміздің келбеті, реңі қандай болу керектігі туралы біздің жастарға түсіндіру міндет тұр»,- деді Арман ұстаз.

Әр ұлттың өз дінің сақтай білу — ұрпақтың өзінің бабаларына жасаған тағзымы. Рухын байыта білген халық, ертеңі жоғары болмақ. «Қорыта келгенде, қазіргі уақытта дін саласының маңыздылығын көтеру үшін әрбір мұсылман 5 парызын бұлжытпай орындай білуі, кәсіпті дөңгелете білуі, білімге ықылас қоюы және салауатты өмір сүре білуі керек»,-деп ұстаз тақырыпты аяқтады. Соңында Арман Қуанышбаев «Нұр» мешітінің жамағатымен арнайы сұрақ-жауапқа алмасып, көкейдегі түрлі сұрақтардың түйінін тарқатты.

Сания Сақтаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *