Жуырда қала әкімдері сайланады

Қазақстанда 5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Осыған орай AMANAT-та бастауыш партия жиналыстары өтуде. Кездесулер барысында партия мүшелері аудандық филиалдар конференцияларына делегаттарды ұсынады. Онда әкімдікке кандидаттар ұсынылатын болады.

Еліміздің аудан,ауыл және қалалары деңгейінде «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтуде. Бұл алдағы сайлауға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі.

БПҰ мүшелері «AMANAT» партиясының аудандық және қалалық филиалдарының конференциясына делегаттарды сайлайды, онда әкімдікке кандидат дауыс беру арқылы ұсынылады.

Мәселен, бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында «Теплосет» БПҰ-да жиналыс өтті. Партия мүшелері партияның Рудный қалалық филиалының алдағы конференциясына 3 делегатты сайлады. Бұл конференцияда олар партия атынан қала әкіміне кандидатты ұсынбақ.

– Бүгін біз партияның қалалық филиалының конференциясына делегаттарды сайладық.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешім қабылдауға азаматтардың тікелей қатысуын кеңейту маңызды. Бүгін «AMANAT» партиясының әрбір мүшесі дауыс беру құқығына ие болды және қаламыздың болашағына үлес қосуға мүмкіндік алды, – деді партия мүшесі Динара Сейденова.

Рудный қаласында барлығы 18 бастауыш партия ұйымына біріккен «AMANAT» партиясының 3500-ден астам мүшесі бар. Барлық БПҰ-да жиналыстар бірдей өткізіледі.

Қостанай облысында 4 аудан мен 1 қалада сайлау өтеді. БПҰ отырыстары 25-26 қыркүйек аралығында өткізілетін болады.

kostanaytany.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *