Рудный қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінде 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен көші-қон қызметі арасындағы бірлескен іс-шаралар аясында құжатсыз және азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтауға бағытталған екінші ауқымды кампания жүргізілетінін хабарлады.
– Рудный қаласы және Қашар кентінің тұрғындары азаматтық мәселелерін шешу үшін біздің көші-қон қызметіне жүгінуіне болады, — деп халыққа үндеу жасады Рудный ПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Лунара Нурманбаева. – ХХІ ғасыр болса да, әлі де Кеңес Одағының құжаттарымен, 1974 жылғы паспорттарымен жүрген тұрғындар бар. Уақытында құжаттарын ауыстырмағандар да бар. Егер басқа елдер мен елшіліктерге сұраулар жіберу қажет болса, бұл жұмысты біз орындаймыз.
Құжатсыз және азаматтығы жоқ тұлғаларды анықтауға бағытталған бірінші кезең 2020 жылы басталып, 2024 жылға дейін жалғасты. Осы уақыт ішінде Рудный қаласы және Қашар кенттерінде құжатсыз және азаматтығы жоқ 51 адам анықталды. Қазіргі уақытта олардың барлығы Қазақстан азаматтары немесе басқа елдердің азаматтары ретінде танылды.
– Ескі паспорттармен, азаматтығы жоқ адамдар негізінен қарттар,- деп түсіндірді Лунара Нурманбаева. – Неліктен бұл жағдайды осыншама уақытқа дейін шешпегендері туралы бірінші сұрақ туындайды. Барлығы уақыттың немесе қаржылық мүмкіндіктің болмағанын айтады. Кеңес Одағы құлаған кезде Рудный және Қашардан тіркеуден шығарылған кезде, олар қайта тіркеуге алынбаған.
– Мысалы, жақында бір жас жігіт келді. Оның анасы Қазақстанның азаматы болған, бірақ Өзбекстанның азаматына тұрмысқа шыққан. Ұлы туғанда, Рудныйда туғаны туралы анықтама алып, кетіп қалған, – деп жалғастырды Лунара Нурманбаева. — Өзбекстанда оған туу туралы куәлік берген, бірақ азаматтық берілмеген. Үш жасында Қазақстанға қайтып оралған. Және 32 жасқа дейін құжатсыз өмір сүрген. Тек туу туралы куәлік болған. Одан толық өмірбаянын жазуын сұрадым. 32 жасқа дейін ешқандай із-түссіз өмір сүру мүмкін емес. Ол оқыған, жұмыс істеген. Осы хронологияны заңды түрде растай бастаймыз. Бұл үшін Өзбекстанға, елшілікке, шекара қызметіне сұраулар жібереміз. Рудныйда тіркеуге қойғанда, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 492-бабы бойынша «Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру» үшін жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Көші-қон қызметіне жүгінбегендердің жауабы – егістікте, ауылда жұмыс істеген және құжаттар қажет болмаған. Егер сізде де құжаттарыңызбен мәселелер болса, көші-қон қызметіне жүгіну жеткілікті, онда міндетті түрде көмектеседі, – деп атап өтті Лунара Нурманбаева.
Жыл басынан бері Рудныйда құжаттары жоқ тұрғындарға қатысты бес жағдай анықталды. Бұл үшін айыппұл салынады, содан кейін құжаттарды рәсімдеу қажет.
Дарья ТИХОНОВА,
суретті түсірген Султан СЕРТАЕВ