«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған қаражат қашан түседі? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БЖЗҚ мәліметінше, заңнамаға сәйкес биыл 1 ақпанынан кешіктірілмей қаражат аударылады.
«2008 жылы туған азаматтардың шоттарына мақсатты жинақтарды аудару 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл қаражатты мақсатты түрде пайдалана алады», — делінген хабарламада.
Қор мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балық бала (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына енгізілген және оның қатысушылары болып саналады.