Рудный қалалық мәслихатының депутаты Макаренко А.Г. «Конституция – халықтың таңдауы» тақырыбында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында «ССКӨБ» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Рудный қалалық мәслихатының депутаты Макаренко А.Г. «Конституция – халықтың таңдауы» тақырыбында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында «ССКӨБ» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Өңірдегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі болып саналатын «ССКӨБ» АҚ қызметі әлеуметтік мемлекет қағидаттарын іске асырумен тікелей байланысты. Кәсіпорын тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп, өндірістік әлеуетті дамытуға және еңбеккерлердің еңбек құқықтарының сақталуына ықпал етеді.

Кездесу барысында конституциялық реформаның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайтудың, еңбек ұжымдарын қолдаудың және өнеркәсіптің орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізі ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарына жауап алды.