iKomek: шағымдар ескерусіз қалмайды

Көпшілікке «109» байланыс нөмірі жақсы таныс. Күнделікті су, электр жарығын өшіру тәрізді мәселелерге тап болғанда, қардан тазартылмаған көшелер мен қоқыс үйінділерін көргенде тұрғындар бірден осы байланыс нөміріне қоңырау шалады. iKomek орталығының қызметкерлері рудныйлықтарға тәуліктің кез-келген уақытында кеңес беріп, көмектесуге әзір.

Рудный қаласында «109» бірыңғай телефон нөмірі бар iKomek жедел әрекет ету орталығы 2 жылдан бері жұмыс істеуде. Тұрғындардың тұрмысын жақсартып, талап-өтініштерін уақтылы әрі жылдам орындау үшін тәулік бойы қоңыраулар қабылданады. Операторлардың айтуынша, олардың көмегіне күніне 100-ден астам қала тұрғыны жүгінеді. 2021 жылдың басынан бері орталыққа келіп түскен қоңыраулар саны 70 мыңнан асып жығылады.

«Бізге 109-дан көптеген өтініштер келіп түседі.Бізге бірінші өтініш қоқыс мәселесі бойынша келіп түсті, ал екінші өтініш сумен жабдықтау, қаланы қардан тазалау, құдықтар, электрмен жабдықтау, көшелерді жарықтандыру, қала экологиясы, жол инфрақұрылымы, жылумен қамтамасыз ету және кеңес беру бойынша болды. Азаматтар кез-келген сұрақтар бойынша 109 байланыс қызметіне хабарласады, операторымыз кез-келген сұраққа жауап береді», – деді «IKOMEK» жедел әрекет ету ахуалдық орталығының басшысы Гульмира Кенжетаева.

«109» бірыңғай байланыс орталығы қаланы абаттандыру мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерінен бастап, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғауға дейін қала өмірінің барлық саласын қамтиды. Орталыққа соңғы кездері қоқыс шығару және жылу мәселелері бойынша шағымдар көбірек түсіп жатқан көрінеді. Айта кету керек, iKomek орталығымен байланыста рудныйлықтар үнемі сыпайылық таныта бермейді.

«Біздің жұмысыз тек түсіндіру және қабылдаумен шектеледі. Сұраныстарды қабылдап,оны одан әрі орындаушыларға жібереміз. Десе де, халық бізді бірден өзіміз орындайды деп ойлайды. Осыдан соң түсініспеушілік пайда болады», – дейді Бекзада Уткелбаева.

Күн сайын операторлар таңертеңнен бастап, қазіргі ахуалды білу үшін қаланың коммуналдық қызметтерімен байланысады. Бұл ақпаратты иеленуге және рудныйлақтардан келіп түскен сұрақтарға жылдам жауап беруге мүмкіндік береді. Егер, сіз ахуалдық орталыққа хабарлассаңыз, мәселеңізді немесе сұрағыңызды көрсетсеңіз, олар міндетті түрде сізге қайтадан қоңырау шалады. Ең әуелі байланыс орталығының қызметкері көрсетілген жағдайға жауапты тұлғалардан ақпарат сұрайды.

Еске салайық, «109» нөміріне ұялы телефоннан да, қалалық телефоннан да қоңырау шалу тегін. whatsapp нөмірі +7 70 70 109 109

Арай Марат

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *