«Zhas project» байқауына қалай қатысуға болады?

Бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы NEET санатындағы 18-35 жастағы жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Жоба жастарды өз қоғамдастығының әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға көмектеседі.

— NEET категориясы – уақытша тұрақсыз жастар-жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс жастардың бір бөлігі, — деп атап өтті «Қазақстанның Экологиялық Қоры» ҚҚ «Zhas project» жобасының үйлестірушісі Наурызбек Бірмағамбетов. — Жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен маңызға ие жастар идеялары мен жобаларына қолдау көрсетілетініне назар аударуды сұраймыз.

Шағын гранттар конкурсына өтінім беру үшін веб-ресурста жеке тіркеуден өту, сауалнаманы толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу қажет. Сұрақтар туындаған кезде қатысушылар жобаны басқаруға байланысты білікті көмек алу үшін Call-center-ге жүгіне алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *