Рудныйлық супертяж салмақтағы боксшы Иван Дычко Лас-Вегаста жекпе-жек өткізеді

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық боксшы, Рудный қаласының тумасы Иван Дычконың (15-0, 14 KO) келесі кездесуін ресми түрде жариялады. Жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Сауль «Канело» Альварес – Теренс Кроуфорд арасындағы үлкен бокс кеші аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sports.kz.

Дычконың қарсыласы америкалық Джермейн Франклин-кіші (23-2, 15 KO) болмақ.

«Иван Дычко – Джермейн Франклин-кіші. Ауыр салмақта он раундтық жекпе-жек өтеді. Дычко – жеңілмеген боксшы, 15 кездесу, 15 жеңіс, оның 14-і нокаутпен аяқталған. Досрочный жеңістер пайызы – 93%. Оның бойы – 206 см. Ол – Қазақстаннан шыққан, Олимпиаданың екі мәрте қола жүлдегері. Ал қарсыласы Франклиннің есепшотында – 23 жеңіс, 2 жеңіліс, 15 нокаут. Оның екі жеңілісінің бірі Энтони Джошуаға тиесілі, ол жекпе-жекте толық қашықтықты өткерген», – деді Дана Уайт тікелей эфирде.

Рудный жұртшылығы жерлесіне сәттілік тілеп, оның кезекті жарқын жеңісіне сенім білдіруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *