Рудныйда «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсетілуде
«Мектепке жол» акциясы – барлық балаларға білім алу жолында тең мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылатын маңызды әлеуметтік шара. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін жаңа оқу жылына дайындық көбіне айтарлықтай қаржылық қиындық тудырады.
Кеңсе тауарлары, мектеп пен спорт киімдерін беру ата-аналардың қаржылық жүктемесін жеңілдетіп, балалардың жағдайы мен тәрбиесіне көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
2025 жылғы акция қорытындысы бойынша 1 724 бала көмек алды. Демеушілердің жалпы қолдауы 26 720 142 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш акцияның ауқымды әрі тиімді ұйымдастырылғанын дәлелдейді.
Биылғы жылы көшбасшы – «ССКӨБ» АҚ. Кәсіпорын 1 415 балаға 22 миллион теңгеден астам көмек көрсетті. Бұл – балалардың болашағына бағытталған жүйелі әрі ұзақ мерзімді қолдаудың жарқын үлгісі.
Сонымен қатар, қала мешіті, «Қашар кені» АҚ, «Рудный су арнасы» ЖШС белсенді көмек көрсеткен.
Рудный қаласының әкімі мен орынбасарлары бес отбасына жалпы 640 мың теңге көлемінде маңызды көмек көрсетті.
Қала прокуратурасы 300 мың теңге көлемінде үлес қосты. Сондай-ақ спорт бөлімі мен «Рудный-2017» спорт клубы төрт балаға қолдау көрсетті.
Акцияға әлеуметтік мекемелер де белсенді қатысты: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Мерей» аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы, отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының №1 және №2 ұжымдары балаларға көмек көрсетті.
Сонымен қатар «Рудный жылу желілері» ЖШС, металл жалға беру зауыты, РЖДХ, Тобыл ҚТЖ, «Качарец» ПИТК, өрт сөндіру бөлімі, Қашар ауруханасы және Рудный қаласының банктері қатынасты.
Акцияны үйлестіретін – білім бөлімі. Мектептермен бірлесіп, көмекке мұқтаж балалардың дерекқоры жасақталды, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін «жедел желілер» мен сенім телефондары ұйымдастырылды.
Жуырда жаңа жыл қарсаңында атылмыш акцияны қолдау қала кәсіпкерлері 9 баланы 700 000 теңге көлеміне қажетті заттармен қамтамасыз етті. Осы шаралар нәтижесінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге ниетті азаматтардың саны жыл сайын артып келеді.
– Осы мүмкіндікті пайдаланып, қала тұрғындарын, шағын және орта бизнес өкілдерін, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерді, мемлекеттік қызметшілерді, депутаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партияларды осындай игі іске бей-жай қалдырмауға шақырамыз.
Көмек көрсеткісі келетін азаматтар Рудный қаласының білім бөліміне Ленин көшесі, 30 үй, №206 кабинет мекенжайы бойынша немесе 4-67-78 телефоны арқылы хабарласа алады,- деп тоқталды Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлыбаев.
Арай АХМЕТ,
суретті түсірген Сұлтан СЕРТАЕВ