Рудный қаласында 100 жастағы қала тұрғыны – Костенко Евдокия Ивановна дауыс беруге қатысып, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Құрметтіжасына қарамастан, ол азаматтық борышын орындап, қоғамдық өмірге бейжайқарамайтынын тағы бір дәлелдеді.

Евдокия Ивановна 1926 жылдың 22 ақпанында дүниеге келіп, еңбек жолыннебәрі 17 жасында бастаған. 1943 жылы Магнитогорск қаласындағы ФЗО мектебіне оқуға жіберіліп, электромонтер мамандығын игерді. Кейін кен байытуфабрикасында кран машинисі мамандығын меңгерді.
1963 жылы Евдокия Ивановна кеншілер шаһары – Рудныйға келіп, тағдырын осы қаламен байланыстырды. Бұл қала енді ғана қалыптасып, өндіріс орындары жаңадан іске қосылып жатқан кезең еді. Ұзақ жылдар бойы ол ССКӨБ-те ұсату-байыту фабрикасында кран машинисі болып еңбек етті. Ірі өндірістікжабдықтарды көтеріп, технологиялық үдерістерді жетік меңгерген тәжірибелімаман болды. 1976 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін өндірісте қызмет етіп, шамамен 30 жылдық еңбек өтілін қалыптастырды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін Евдокия Ивановна ордендермен, медальдармен және мерейтойлық марапаттарменнаградталған.
Евдокия Ивановнаның өмір жолы – адал еңбек пен жауапкершіліктің, өзісіне деген беріктіктің жарқын үлгісі. Ол өз тағдырымен және өмірге дегенкөзқарасымен «Адал азамат» қағидаттарын – еңбекқорлықты, парасаттылықтыжәне қоғамға деген құрметті айқын көрсетіп, жас ұрпаққа өнеге болып келеді.