2026 жылғы 25 ақпанда «Конституция – халық таңдауы» тақырыбында «Качары Руда» АҚ еңбек ұжымымен конституциялық реформаның ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті

2026 жылғы 25 ақпанда «Конституция – халық таңдауы» тақырыбында «Качары Руда» АҚ еңбек ұжымымен конституциялық реформаның ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Іс-шараның спикері Рудный қалалық мәслихатының депутаты Мищенко В.В.болды. Кездесу барысында өнеркәсіп саласы үшін маңызды нормаларға ерекше назар аударылды. Конституциялық өзгерістер табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және экономикалық саясаттың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге құқықтық кепілдіктер қалыптастырады. Бұл өндірістік үдерістерді жаңғыртуға, заманауи технологияларды енгізуге және қызметкерлер үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Іс-шараның ашық форматта өтуі қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап беруге және пікір алмасуға жағдай жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *