Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tengrinews.kz премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні 10 қарашада атап өтіледі. Тиісті Қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Бұрын қолданыста болған мереке – 17 мамырда атап өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні-байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Жаңа кәсіби мерекенің пайда болуы сала қызметкерлерін қолдау мақсатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылуда. Үкіметтің мәліметінше, олардың жалпы саны 155 мыңнан асады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.