Рудный қаласы күнін мерекелеу қарсаңында құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар!

Құрметті рудныйлықтар!

Рудный қаласы күнін мерекелеу қарсаңында құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар!

66 жыл бұрын Қазақстан картасында қызықты және бай тағдырға толы, еңбек даңқы жазылған жаңа қала пайда болды.

Алғашқы құрылысшыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, қалаға қазіргі келбетін сыйлаған энтузиастарға құрмет пен ризашылығымызды білдіреміз!

Біздің ортақ үйіміз бастамашыл, мақсатты және өзінің кішкентай Отанын шын жүректен сүйетін өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін жайлы әрі ыңғайлы болсын.

Құрметті жерлестер, осы мереке баршаңызға керемет көңіл-күй сыйлап, жаңа жетістіктерге шабыттандырып, сүйікті қаланың өркендеуіне жаңа серпін беруін тілеймін!

Әр үйге денсаулық, сәттілік және амандық, әр отбасында бейбітшілік пен келісім орнасын!

Қала әкімі В.Ионенко

 

***

РУДНЫЙ МЕКЕНІМДЕ…

Сөзі, әні автордікі

Рудный    мекенімде    ән    шырқадым,

Әніме    сөздеріммен   жыр   таңдадым.

Таныстар,   ағайындар    назарды    сал,

Құлпыртар ән жырымды тіл таңдайым!

 

Қайырмасы:

Түбіміз бір қандастарым, таныстарым,

Тегіміз  бір   бауырларым, туыстарым.           2 рет

Еске  алып  іні, қарындас  ұрпақтарды,

Бәріңе,   арнадым    жыр    асылдарым!

 

Көгімнен  күліп  Күнім  төккен нұрын,

Құлпыртқан мекендердің жерін, гүлін.

Айтсаңдар  жыр  әнімді  жиын,  тойда,

Қуантар  ұмыттыртып   көңіл   мұңын!

 

Қайырмасы:

Өмірді  қадірлей  біл,  біліп  құнын,

Шеше біл қиналсаңда кейбір сырын.

Таныстар,   туыстарым   тату   жаса,

Сыйласу  бір-біріңе құрмет, сыйың!

 

Қайырмасы:

Әр  күнің  жыр  әніңмен  атсын  таңың,

Жаңғыртсын дауысымен мекен маңын!

Отаным   жер  байлығын   еліме  арнап,

Байытсын   әр   қазақтың   өмір  бағын!

 

Үсебай Жұмабеков

Рудный қаласы

***

Кеншілердің қаласы

Туған күнің құтты болсын кенші жұрттың қаласы,

Кәсіп қуып, орнын тапқан отыз бес ұлт баласы.

Әрбіреуін жалғызым деп, құп алған,

Қазыналы қазағымның даласы.

 

Тірлік, мақсат үйлесімді жарасқан,

Қала соқтың, көк аспанмен таласқан.

Көркем бейне, тату өмір көз тартып,

Өзіңменен бүкіл әлем санасқан.

 

Алғашқыда саңырауқұлақ өскендей,

Қаптап едің өзгелерге дес бермей,

Күннен күнге бидай өң боп барасың,

Қиындық пен тосқауылды ескермей.

 

Міне содан ыстық болып барасың,

Көңіл кірін, еңсергендей жарасын,

Игересің, үйренесің, қайсарым,

Түптің түбі тізгінді де аласың.

 

Абай өзі тұрғой міне, қарсы алып,

Оян қазақ,түгендел деп, жар салып.

Игер, намысыңды алаулат,

Азаттықтықтың туын тікте, жан салып.

 

Шарықтай бер кеншілердің қаласы,

Құрыш білек әр атаның баласы.

Берекеміз мерекеге ұлассын,

Асып-тасып өндірістің саласы.

 

Ғабдолла Ахметжанов

Рудный қаласының тұрғыны

***

Кен қалам- Рудныйға

Тағдыр – деген бір сөз бар орны бөлек,

Жандыға да, жансызға болар себеп.

Ирек жолды бұралаң қу тіршілік,

Қайда апарып соғарын Алла білет.

 

Оған себеп тарихтың айқыш сыры,

Хабар беріп сездіртер Алла нұры.

Тылсым құдірет ұшақпен көкке шыққан,

Кенді жерді сездірткен Аллам ұлы.

 

Әрине не бір іске пенде себеп,

Әр тұрғын, сыйға тартқан дәнекерлеп.

Сол бақыт бұйырыпты Николайға,

Сургутанов ұшқышын желеп-жебеп.

Хас ұшқыш шебері еді өз ісінің,

Жүрекпен сезуші еді мотор үнін.

Прибор діріл қағып толқығанда,

Назар сап топшылады жердің түрін.

 

Әйеттен ұшып шыққан ұшқыш мырза,

Ниеті жұмыс тобын қылу ырза.

Алуға жалақыны келе жатты,

Қазіргі тарихтағы дара тұлға.

 

Тарпаң тағдыр жасады тосын сыйын,

Көтеріп нар жігіттің көңіл күйін.

Сезімтал табиғаты ойын тербеп,

Қайтарда тексерем деп шешті түйін.

 

Адамның басшысы ақыл, талап жетек,

Жол ашарда жаратқан берер көмек.

Құбылыс қайталанды қайтар жолда,

Бақ сыйлап Николайға елден ерек.

 

Осындай тарихы бар кең өлкемнің,

Паш еткен кенің қоры көп екенін.

Сол бір жер, бүгін міне алып шаһар,

Көтерген облыстың ауыр жүгін.

Игі тілек иесі: Тілеуғабыл Жаңбыршы Тұқатұлы, зейнеткер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *