Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Конституция күні — Қазақстанда жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мереке. Бұл мереке Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге  деген  ұмтылысын көрсетеді. Мереке қарсаңында орталық қалалық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым– ардағым!» мерекелік кітап көрмесі және «Құкықтық жігер, кұкықтық тәрбие» дөңгелек үстелі өтті.  

Іс-шара мақсаты — Қазақстан Республикасының Ата заңы туралы тұрғындардың білімін кеңейту және таныстыру, Қазақстан Республикасының Конституциясының маңыздылығы туралы куәландыратын әлеуметтік-экономикалық, мәдени, еліміздің қоғамдық-саяси дамуындағы оның рөлі туралы басқа да құқықтық құжаттармен танысу, еліміздің конституциялық – құқықтық саясатын дәріптеу. Қоғамға жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсетіп, «Мәңгілік Ел» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау.

Көрмеде қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы кітаптар, қазіргі Қазақстан туралы кітаптар және біздің мемлекеттілігіміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық – саяси және мәдени салаларда болып жатқан барлық кезеңдері бейнеленген Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні ұсынылды.

Мемлекеттік тілдегі кітапханамен бірлесіп  өткізілген «Құқықтық жігер, құқықтық тәрбие» атты дөңгелек үстелге еңбек ардагері, ардагерлер кеңесінің жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Қалалық ардагерлер кеңесінің және «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің мүшесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысушы Жақсылық Кәкенұлы Қакенов, Рудный қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Рудный қаласының ақсақалдар кеңесінің басшысы  Жаңбыршы Тұқатұлы Тілеуғабылов, Рудный қаласының құрметті тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері, белсенді өмірлік ұстанымы бар адам, қаламыздың нағыз патриоты Александр Владимирович Заскалько, «Жадыра» ансамблінің солисі  Шамшия Қайыркенова және «Аналар тобы» музыкалық тобы, кітапхана жанындағы «Қазына» клубының жетекшісі Алтын Мұхаметқалиева Садчиковка  қатысты.

Іс-шара барысында «Аналар тобы» музыкалық тобы мен «Қазына» клубының орындауындағы «Ақ көгершін», «Атамакен», «Менің Қазақстаным»әндері шырқалды. Сондай-ақ, мерекелік жиында мектеп оқушылары мәнерлеп өлең шумақтарын оқып, Рудный қаласы кітапханаларының кітап көрмелерінің бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шараға қатысушылар Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға деген ұмтылысын көрсетеді, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деген пікірде болды.

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *