Рудный қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 шешімімен Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілді. Көмектің бұл түрі тұрғын үйді күтіп-ұстау (кондоминиум ресімделген үйлерде ғана), коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтыну бойынша, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған.
Әлеуметтік көмекті олардың тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге шығындары айына, белгіленген нормалар шегінде, отбасының жалпы жиынтық табысының 5% — нан асатын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) ала алады.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдау Рудный қаласы, Космонавтар даңғылы, 12 мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2-45-02 телефоны бойынша кеңес алуға болады.