«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!!!

  1. «Мерейлі отбасы» ұлттықбайқауыотбасыменнекеніңадамгершілікқұндылықтарыменоңимиджінжандандыруға, отбасымәртебесінарттыруғабағытталған.
  2. Конкурсқаөзін-өзі ұсынуарқылы,сондай-ақ жергіліктіатқарушыоргандардың,заңдытұлғалардың ұсынуы бойынша отбасыларқатысады.
  3. Конкурсқамүшелерініңеңбек,спорттық,шығармашылық,зияткерлік,ғылымижетістіктерібар,сондай-ақ қоғамдықпайдалы,волонтерлікқызметкеқатысатынотбасылар қатыса алады.
  4. Байқауекікезеңде өткізіледі.Біріншікезең–қала,екінші кезең –облыстық.
  5. Конкурсқақатысуүшінөтінімқағазнемесеэлектрондықнұсқадағынысан бойынша ішкісаясатбөліміне2026 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін (Рудный қаласы, Ленина көшесі, 95 үй, 225- каб немесе электрондық мекенжайға politika-rudny@yandex.kz), 4 54 33 телефоны. Қосымшасы:

1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қамқоршы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы Жергілікті уәкілетті органның шешімінен үзінді көшірменің көшірмесі;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмелері;

4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда (болған жағдайда) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері;

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екендігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе)жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (екіден кем емес);

7) отбасы мүшелерінің еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) ;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Үздік жұмыстар облыстық конкурсқа қатысу үшін бағытталатын болады. Жұмыста 10 критерий бағаланады:

1) отбасы мүшелерінің жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы-визит карточкасы-презентация);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балалар мен немерелердің жетістіктері (Бар болса);

5) ата-аналардың жетістіктері үлгі ретінде;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдері);

7) отбасының таланттары;

8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

9)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық) қатысу;

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік ету.

-Конкурслауреаттарынмарапаттаурәсімісалтанатты түрде өткізіледі.

  1. Хабарландыру Рудный қаласы әкімдігінің

https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/events/details/45984?lang=kk

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

  1. Отбасы құрамы:
Р\с № Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туыстық дәрежесі Туған күні (күні, айы, жылы) Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
           
           
  1. Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________
  2. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________
  3. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы  (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының  (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ___________________________________________________
  4. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________
  5. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) _________________________________________________
  6. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
  7. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
  8. Өзге де құжаттар ___________________________________________

Қолы __________

Күні __________