Құрметті рудныйлықтар!

Сіздерді шын жүректен тамаша мереке — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

1 Мамыр – достық, құрмет және ынтымақтастық мерекесі. Мерекенің негізі – көпұлтты еліміздің барлық этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу болып табылады. Бұл біздің қоғамдастықтың, қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының ажырамас байланысы мен сабақтастығының күні.

Мәдени және тілдік әртүрлілігіміз бірліктің негізі болып, дамудың стратегиялық бағытына айналды. Бейбітшілік пен келісім бұл жай ғана сөз емес, мемлекеттің және бүкіл қоғамның ең үлкен еңбегі – бұл біз қорғауға тиіс ортақ мұра.

Біз Рудный жерінде әртүрлі этникалық топ өкілдерінің өздерін еркін және толыққанды азаматтар ретінде сезініп, бір-бірімен келісімде өмір сүріп, бірлесе, бірігіп жұмыс істейтіндігімен мақтана аламыз.

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Халқымыз бен мемлекетіміз дамудың, жаңа жетістіктердің сенімді іргетасы болып қала берсін. Барлығыңызға өркендеу, бақыт және амандық тілейміз!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *