Полиция департаменті заңсыз есірткі жарнамасына қарсы ауқымды күресті бастады
Бұл бастама жанашыр азаматтар арасында қолдау тапты және Рудный қаласында үлкен акция өткізуге себеп болды. Есірткі жарнамасын қамтитын граффитилерді жою акциясына бірнеше ондаған адам қатысты, олардың арасында Полиция басқармасының қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, студенттер және қоғамдық көмекшілер болды. Қатысушылар тек заңсыз жазбаларды бояп қана қоймай, есірткіге қарсы тақырыпта парақшалар да таратты.
«Нашақорлық мәселесі қазіргі уақытта өте өзекті. Біздің шараның мақсаты – қаланы толық қамту. Біз студенттерді топтарға бөліп, оларды заңсыз жарнаманы бояу үшін әр түрлі аудандарға жіберуді жоспарлап отырмыз. Біздің қалада осындай тоғыз учаске бар, бұл біз өткізетін екінші акция. Студенттер аулаларды аралап, ғимараттардағы граффитилерді тексереді. Мен жастарға үндеу жасаймын: есірткіден аулақ болыңыздар және жеңіл ақшаға қызықпаңыздар – бұл ауырсалдарларға алып келуі мүмкін», – дейді есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі Айсұлу Дарбаева.
Айта кету керек, есірткі жарнаманы тарату – бұл қылмыс және оған 299-1 бабына сәйкес жазатқарастырылған.
Акция барысында қала бойынша 30-дан астамграффити жойылды. Полиция басқармасы заңсыз жарнама орындарын алдын ала анықтап, акцияны максималды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Акцияның маңызды сәті «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҮЕҰ ұйымымен ынтымақтастық болды. Бұл ұйым еріктілерге «Есірткіге жол жоқ» деген ұранмен футболкалар мен қалпақтар, сондай-ақ жұмыс істеуге қажетті аэрозольді бүріккіштермен қолғаптар ұсынды.
«Биыл біз Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен психоактивті заттарды, оның ішінде синтетикалық наркотиктерді қолдануды алдын алу мақсатында жобаны жүзеге асырамыз. Біздің ұйымымыз белсенді түрде қатыса отырып, еріктілерге футболкалар, қалпақтар және граффити жою үшін бояу материалдарын ұсынамыз. Біз облыс бойынша 30-дан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде ата-аналар мен жастарға арналған дәрістер, сондай-ақ жасөспірімдермен кездесулер. Рудныйда біз кемінде екі акция ұйымдастыратын боламыз. Біздің міндетіміз – жастарға салдардың өте ауыр болуы мүмкін екенін түсіндіру, ал денсаулық – уақытша ләззаттан маңыздырақ», – дейді ҮЕҰ өкілі Гүлсім Бисимбаева.
Ата-аналар осы процессте маңызды рөл атқарады. Олар балалармен сенімді қарым-қатынасты қолдап, олардың өміріне қызығушылық танытуы қажет. Баланың өз мәселелерімен бөлісе алатын қауіпсіздік сезімін тудыратын атмосфераны қалыптастыру маңызды. Егер сіз балалардың тыйым салынған заттарды қолданатынына күмәндансаңыз, бұл мәселелерді ашық талқылап, түсіністікке ұмтылу қажет. Егер мәселелер басталып кетсе, оңалтуға жедел түрде жүгіну маңызды, осылайша баланың қалыпты өмірге оралуына көмектесуге болады.
Бұл шара нашақорлықпен күресте қоғамдық қатысудың маңыздылығын көрсетті. Полиция мен жергілікті тұрғындардың ынтымақтастығы нашақорлық мәселелері туралы ақпараттандыруды арттыруға және қылмыс деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Шара ұйымдастырушылары осындай акциялар нашақорлық мәселесіне назар аударумен қатар, қаланың сыртқы келбетін жақсартуға да көмектеседі деп үміттенеді.
Ведомство жұмыс істеп тұрған саll – орталық 8-747-050-35-78 туралы еске салды, ол бойынша заңсыз жазбалар табылған жерлер туралы хабарлауға болады.
Айлана ЕРХАНОВА,
автор суреті