Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — еліміздің тарихындағы ерекше маңызды күндердің бірі.
Бұл мереке еліміздің еркіндігін, тәуелсіздігін және егемендігін бейнелейді. Осы айтулы күннің қарсаңында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шара барысында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарға жылы киімдер, азық-түлік пакеттері және басқа да қажетті заттар таратылды.