Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Конституция – халықтың таңдауы» тақырыбында конституциялық реформаны түсіндіруге арналған кездесу өткізді

Рудный қаласы полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс істеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі — Жунусова Г.В. «Рудный қаласының полиция басқармасы» ММ 2026 жылғы 27 ақпанда құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Конституция – халықтың таңдауы» тақырыбында конституциялық реформаны түсіндіруге арналған кездесу өткізді.

Кездесу барысында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ұсынылып отырған жоба мемлекеттің және қоғамның жаңартылған құрылымын қалыптастыратыны, сонымен қатар мемлекеттің егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы мен аумақтық тұтастығы сияқты іргелі қағидаттардың өзгеріссіз сақталатыны түсіндірілді.

Сондай-ақ Конституцияның жаңартылған кіріспесіне ерекше назар аударылды. Онда «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы сияқты құндылықтық бағдарлар бекітілгені атап өтілді.