Балалардың білімін жан-жақты дамытуға бағытталған оқыту орталығыжайлы
Рудный қаласында үш жыл бұрын балаларға сапалы білім беруді мақсатеткен жаңа орталық – «Дана бала» оқыту орталығы жұмысын бастаған. Бүгінде бұл орталық қаладағы сұранысы жоғары, балалардың білімін, қабілетін және шығармашылығын дамытуға бағытталған белді оқуорындарының біріне айналып отыр.
Орталықтың негізін қалаушы – Мақпал Ершеева, педагогикалық салада 12 жыл еңбек еткен тәжірибелі маман. Ол мемлекеттік қызметкер ретінде де, балабақшада тәрбиеші әрі әдіскер ретінде де ұзақ жылдар жұмыс жасап, өзкәсібін ашуды көптен жоспарлап жүрген.
Мақпал Қанатқызы орталықтың пайда болу тарихын былай баяндайды:
– Балабақшада жұмыс істеп жүргенімде карантин кезеңіне тап болдым. Солкезде бала күтімімен үйде отырған болатынмын. Дәл сол уақыт менің кәсібижолымды қайта қарауға, өз арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өзкәсібімді ашсам деген ой көптен мазалап жүрді. Алғашында 1–2 баладаноқытып бастадым. Содан кейін арнайы орталық ашуға нақты шешімқабылдадым.

Осылайша, шағын бастама үлкен орталыққа айналып, бүгінде онда 50-денастам бала білім алуда.
Орталықта 8-15 жас аралығындағы балаларға арналған тегін сабақтар «DamuBala» платформасы арқылы өткізіледі.
«DamuBala» – 4 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған үйірмелердітабуға және оларға тіркелуге мүмкіндік беретін платформа. Бағдарлама жанбасына шаққандағы нормативтік қаржыландыру арқылы балаларды тегінүйірмелермен қамтамасыз етеді.
Жүйеге тіркеліп, балаларыңыздың профильдерін құрып және оларды спортүйірмелеріне немесе шығармашылық үйірмелерге жаза аласыз. Баланытіркеу үшін өз өтінішіңізді растай отырып, порталда ЭЦҚ арқылы тіркелуқажет (электрондық—цифрлық қолтаңба) және одан әрі қарапайымнұсқауларды орындаңыз. Егер балаға қандай да бір себептермен үйірмеұнамаған жағдайда, заңды өкіл бос орындар мен ваучер болған кезде басқақолайлы үйірмелерді қарауға құқылы. Баланы кезекке қою үшін баланыңзаңды өкіліне сайтта электрондық өтініш беру қажет, балалар арасындағы босорындар олардың электрондық кезектілігіне және бос орындардың болуынақарай бөлінетін болады.
– Балалар «DamuBala» порталында кезекке тұрып, біздің орталықтытаңдайды. Тегін курстар өте сұранысқа ие. Бұл – ата—аналарға үлкен қолдау. Сабақтардың барлығы қазақ тілінде, – деп толықтырды Мақпал Қанатқызы.
Қазір «Дана бала» оқыту орталығының екі филиалы бар: Ленин көшесі, 215 және Корчагин көшесі, 108 мекенжайлары бойынша.
Орталықта төрт тәжірибелі педагог қызмет етеді. Сабақтар жеке әдістемелерарқылы өткізіледі, ағылшын тілі де жоғары деңгейде оқытылады.
Мақпал Қанатқызының педагогикалық жолы да орталық жұмысынабағыт—бағдар береді:
– №12 балабақшада жастар тәжірибесінен өтіп, кейін жұмысқа орналастым. Алты жылдан астам еңбек еттім. Одан кейін басқа балабақшада әдіскер болыпқызмет жасадым. Сол тәжірибе осы орталықта жалғасын тапты. Жасмамандар да бізде тәжірибе жинақтап, кейін мектептерге тұрақты жұмысқаорналасып жатыр», – дейді ол.
Орталық мемлекеттік грант арқылы да дамыған. Көпбалалы ана ретіндебастапқы грантқа қатысып, заманауи құрал-жабдықтар сатып алынған: ноутбук, принтер, тақта, проектор және оқу құралдары.
Орталық аптаның бес күнінде, таңғы 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмысістейді. Мұнда балаларға арналған сабақтар олардың оқу кестесінеыңғайланып ұйымдастырылған: ұзартылған топтағы оқушылар күн сайын екісағаттан, аптасына бес рет дайындалады. Дәл осындай тәртіп 1-сынып оқушыларына да қолданылады – олар да күн сайын екі сағаттан білім алады. Ал мектепке дайындық тобы үшін сабақтар аптасына үш рет өткізіліп, әрқайсысы екі сағатқа созылады.
Балалар түскі және таңғы ауысымға қарай ыңғайлы уақытта келіп оқи алады.
– «Дана бала» тек сабақ берумен шектелмейді. Балалардың өнерге, сөзөнеріне, ұлттық мәдениетке қызығушылығын ояту мақсатында жыл сайынтүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған байқаулар, жастар ресурстық орталығындағы балаларконцерті, поэзия өнерін дамыту сабақтары. Бұл – баланың қабілетін ашуғабағытталған жүйелі жұмыс, – деп түйіндеді сөзін Мақпал Ершеева.
Үш жыл бұрын шағын үйірме ретінде басталған «Дана бала» бүгінде Рудный қаласындағы сұранысы жоғары, сенімді, заманауи оқу орталығына айналды. Педагогикалық тәжірибеге негізделген әдістеме, мемлекеттікбағдарламалармен жұмыс, кәсіби мамандар, екі орталықтың қолжетімдіорналасуы – барлығы бір мақсатқа қызмет етеді: баланың дамуына жағдайжасау.
суретті түсірген Айбар БЕРІК