Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдар

Профилактикалық бақылау аясында 2022 жылдың 1 жартыжылдығында Экология департаменті 28 тексеруді жоспарлады

Профилактикалық бақылау жоспарына облыстың орта және ірі кәсіпорындары кірді. Департамент есепті кезеңде тексерулерді толық көлемде орындады.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 58 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқамалардың орындалуы берілген мерзімдерге сәйкес бақылауда болады.

Тексеру қорытындысы бойынша «ССКӨБ» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС және «ОГК — 2» -Троицк МАЭС филиалына анықталған экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жалпы сомасы 6 млн.теңгеден астам айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *