Кәсіпкерлерге қолдау көп

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік салаларын жан-жақты дамытып, басқа елдермен бәсекелестікке түсуі, елдің едәуір әлеуетін өсіру басты мақсат

Ол үшін кәсіпкерлікті, оның ішінде орта және шағын кәсіпкерлікті  қолға алу, көмек көрсету мен ынтыландыру қажет. Экономиканың бұл секторы көптеген қаржылық, өңдірістік, жұмыссыздық секілді мәселелерді шешеді. Осы орайда, салада атқарылып жатқан жұмыстар жайында білуге қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жилиспаев Алмат Аманболұлымен сұқбат жүргізген  едік.

– Алмат Аманболұлы, кәсіпкерлік бөлімінің негізгі міндеттеріне аз-кем тоқталып өтсеңіз.

– Біздің бөлімнің бірнеше басты міндеттері бар. Біріншіден қаланың кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Екіншіден, кәсіпкерлік мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге қатысу. Үшіншіден, кәсіпкерлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізу және өзектендіру. Төртіншіден, мерекені өткізу кезінде бөлшек сауданы ұйымдастыру. Сондай-ақ бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру.

– Қазіргі уақытта қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру үшін қандай бастамалар мен шаралар қабылдануда?

– 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға шараларар қолдануда. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша субсидиялау 1 393,6 млн. т. теңге сомасына 40 жоба мақұлданды, 535,6 млн.теңге кепілдік сомасына 24 жоба мақұлданды.

Қаладағы іскерлік ортаны жақсарту, тіркеу және бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдету үшін қандай қадамдар жасалады?

– Рудный қаласының кәсіпкерлер палатасымен қаржылай емес қолдау шарасын іске асыру бойынша филиалмен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық қамтамасыз ету 645 адамға кеңес берілді. Оның ішінде ЖК — 37 ашу мен тіркеуде, ЖК — 21 қайта тіркеуде, ЖК — 32-ні тоқтатуда, салық тапсыруда көмек көрсетілді есептілік — 31, БКМ орнату және тіркеу — 31, лицензия және рұқсат құжаттарын алу – 3 кәсіпкер. Қаржыландыруды алуға жәрдемдесу бойынша 7 жас кәсіпкерге көмек көрсетілді. Бөлім қызметкерлері кез келген уақытта кеңес беруге, көмек көрсетуге әрқашан дайын.

Ағымдағы жылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары көзделген? Қазіргі уақытта қанша тұрғын мемлекеттік грант алды?

– Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде экономиканың басым секторларында, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде гранттар беріледі. Гранттың ең жоғары сомасы — 5 млн. теңге.  Жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті жоспар құру көзделген инвестициялық жоба болуы қажет. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде гранттық қаржыландыруға қатысу үшін 22 өтінім берілді. Конкурстық комиссиядан 2 жоба өтті («Janar Lut» ЖК, Лут Жанар, «DHS» ЖК Ипатов Геннадий). Көп жағдайда қала тұрғындары өндірістік, қызмет көрсету секілді кәсіптерді ашуда.

– Кәсіпкерлер бөлімге қызмет барысында туындайтын қандай сұрақтармен жүгінеді? Сіз оларға қалай көмектесе аласыз?

– Несиелендіруге қатысу үшін жыл басынан бері 94 адам жүгінді. Оның 52-сі несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерге жіберілді. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ШОК жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер саны -6621 құрайды. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша — 8132 ШОК-122,8%. «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаржылық талдау менеджерімен ШОБ-қа несие беру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруды түсіндіру бойынша әлеуетті қарыз алушылармен кездесу өткізілуде. Сондай-ақ, ШОБ несиелеу бойынша буклеттер қала әкімінің сайтында, әлеуметтік желілер арқылы және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

–Ақпараттармен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сөз соңында біздің оқырмандарға ізгі-тілектеріңіз болса.

– Өз кәсібін ашуға ниеттеген азаматтарға айтарым, біздің бөлімге келіңіздер, қорықпаңыздар. Барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысып көріңіздер. Қалалық кәсіпкерлік бөлімі Космонавтов даңғылы, 12 мекенжайы «Халыққа қызмет көрсету орталығыны» мекемесінде орналасқан. Жеке шағын және орта бизнесті дамыту үшін ең бастысы — ниет және өз ісіне деген адалдық. Әрбір кәсіп бастаймын деген тұрғындарға міндетті түрде жеке консультация жүргізіліп, нақты қадамдар жасауға көмек көрсетіледі.

Сания Сактаган

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *