Театр маусымы ашылды

«Шабыт» театрының жас өнерпаздары Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының сахнасында Хан тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, сырлы сезімдердің иесі Мұқағали Мақатаев өлеңдерімен өрілген «Күрең күз» атты сахналық қойылым көрсетті. Керемет суреттеп, шебер кескіндеп жырлай да білді. Театрдың көркемдік жетекшісі Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының артисті Ғабит Қызыров.

«Шабыт» театыры Би-аға мектебінде 2019 жылдан бастап облыстық театр бұрынғы басшысы Әлімхан Мырзаханның жетекшілігімен ашылған. Осы уақытқа дейін шығармашыл оқушылар театрдың қыр-сырымен танысып республикалық, халықаралық байқауларға қатысып келеді. Жақында
Ілияс Омаров театырының актері Ғабит Қызыров мектеп оқушыларын өз қолына алды. Ең алғашқы көрсетілім қысқа 8 минуттік «Армандастар» қойылымы болды. Содан бастап жетекші театрға ерекше назар аударып Мұқағали Мақатаевқа арналған пьеса қоюды мамыр айынан бастап жоспарлаған екен.

– «Шабыт» театрына жетекшілік етуге басында қорқақтадым. Бірақ, мектеп директоры Қымбат Исланбекқызының өтінішімен ұсынысты қабылдап балалармен танысуға келдім. Бүгінгі пьесада Мұқағалидың рөлін сомдаған Жолдасбектың бойы, дауыс тембрі, өзін ұстауы ұнап, осы қойылымды жоспарлай бастадым. Оқушыларға ақынның поэзияларын бөліп бердім, музыка пәнінің ұстазымен вокалдық жағынан дайындадық. Оған қоса, билерді де қосуды жөн көріп хореографпен де ақылдастық. Сосың гитарада ойнай алатын жігітті іздедім. Жалпы дайындыққа 1 ай уақыт кетті. Еңбегімізді бүгін көруге, бағалап кетуге барша халыққа алғысымызды білдіреміз, – деп бөлісті «Шабыт» театрының жаңа жетекшісі. Қойылымның өзегі — өз замандастарынан кейде қолдау таппаған ақынның жан тебіренісі. Өз деңгейіндегі алып тұлғалар сияқты ұлы ақынның ой-түйіні қазірдің өзінде өзектілігін жоғалтпаған.Бұл қойылымдағы Мұқағали бейнесі ұмытылмас әсер қалдырды. Мектеп ұйымдастыратын қонақ дәрістері секілді сахналық қойылымдар да оқудың интерактивті түрлерінің бірі болып табылады. Мұқағали поэзиясының ұлттық асыл сөз мұрасына қосылған зор үлес екені әлдеқашан мойындалған. Бұл қойылымда басты кейіпкердің рөлін сомдаған 11 сынып оқушысы Жолдасбек Анарбеков болашақта актер болуды армандайды. Оның айтуынша Мұқағалидың кейпінде ойнау қиын, себебі оның өмір жолын зерттеп қана қоймай, кейпін келістіру қажет болды.

– Бүгін Рудныйда бұрын-соңды болмаған оқиға өтті. Ол алғашқы «Күрең күз» атты Мұқағали Мақатаевтың қойылымы. Мен басты рөлді сомдадым. Жалпы театрға 7 сыныптан бастап қатысып келе жатырмын. Ең алғашқы рөлім қазақ тарихындағы Әбілқайыр тұсындағы Тевкелев орыс елшісі болды. Ең ауқымды, қатты мақтан тұтатын рөлдердін бірі ол бүгінгі Мұқағали. Өте өзгеше сезімдемін, толқып тұрмын. Бұл тұлға өмірінде көп қиыншылықтар көрген, ауру, жалған махаббат, ақындық жолдағы сәтсіздіктерді көрген. Осының бәрін алып шығу өте қиынға соқты. Болашақта театр, кино саласымен өзімді байланыстырғым келеді, – дейді жас актер Жолдасбек Анарбеков.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, алдағы уақытта оқушылар жетекшісімен Бейімбет Майлинға арналған қойылымын жоспарлауда. Пьесаның авторы Абылай Мауданов.  «Шабыт» театрының ұжымына шығармашылдықтарына шабыт пен сәттілік тілейміз!

Сания Сактаган

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *