Рудный қалалық емханасында бүгінгі таңда 87 мыңнан астам емделуші тіркелген

Оларға жақсы, сапалы қызмет көрсету емхананың басты бағыты. Бүгінгі сұқбатта «Рудный қалалық емханасы» КМК бас дәрігерінің медициналық бөлім бойынша орынбасары, қалалық мәслихат депутаты  Жандос Рахметов медицина саласына қатысты сұрақтарға жауап берді.

– Емхананың медициналық қызмет көрсету саласындағы қызметі қандай?

– Біздің емханамыз мемлекеттік әлеуметтік міндетті сақтандыру жөніндегі (МӘМСЖ)  барша қызметтерді көрсетеді. Мәселен, емханаға тіркелген барлық  «сақтандырылған» әлеуметтік мәртебиесі бар науқастар тегін көмек алады. Кардиолог, невропотолог, офтальмолог сыңды дәрігерлерге, одан бөлек рентген, УДЗ және анализдерді алу қызметтерін аталмыш көмектің 70 пайызын құрайды. Егер қызмет түрі қолымыздан келмейтін болса, қала немесе облы с деңгейінде осы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кірген медициналық ұйымдарға жолдаймыз.

Емхана науқастармен қалай қарым-қатынас жасайды және медициналық көмекке жүгіну тәжірибесін жақсарту үшін қандай шаралар қолданылады?

– Жоғарыда айтылып өткендей, 87 мыңнан астам емделушілердің барлығының көңілінен шығу оңай емес.  Біздің қалалық емхана кері байланысқа әрдайым ашық. Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдарында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 58 – бабына сәйкес медициналық көмектің сапасы мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПП және ВК) құрылды. Ол тәртіпті бұзу және медициналық көмек көрсету фактілерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады. Егер медициналық қызметкерлердің дөрекі көзқарасына тап болсаңыз, учаскелік дәрігердің болмауы себебінен оны қабылдаудан бас тартса, денсаулық көрсеткіштері бойынша диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе немесе медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның жұмыс сапасына жалпы наразы болсаңыз, арнайы «науқастарды қолдау және ішкі аудит» қызметіне жүгінуге болады. Бұндай жоба Қазақстан бойынша тек бізде деп қуанышпен айта аламын. Қазіргі күні бес әлеуметтік-медициналық сала бойынша жоғары білікті эксперттер жұмыс жасайды. Олар басқа емханада жұмыс жасай отырып, біздің құжаттарымызды тексереді. Көбінесе олар дәрігерлермен жұмыс атқарып, қателіктерін түзетеді. Сонымен қатар, емханада екі эксперт қызметкері бар. Олар денсаулық сақтау саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес және емделушілердің  құқықтары және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік туралы ақпарат береді.

– Емделушілерді қолдау қызметіне қалай хабарласуға болады?

– Толық аты-жөні және байланыс деректері көрсетілген жазбаша өтінішті қалалық емхананың бірінші қабатында орналасқан «шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» қалдыруға болады. Емделушілерді қолдау қызметі екі негізгі функцияны орындайды. Біріншісі- емделушілерді қолдау және даулы жағдайларды шешу, екіншісі – ішкі аудит. Ішкі аудит тиімділігін  арттыру үшін учаскелерде жұмысты жақсарту қажет екенін анықтаймыз. Барлық дәрігер-мамандар медиация бойынша оқудан өткен. Олар барлық мәселені дәл уақытында шешуге дағдыланған. Сонымен қатар, жауапты мамандар өтінітерді http://rudpol.kz. сайты және  7-26-79 «сенім телефоны», 3-99-98 call-орталық нөмірлері арқылы қабылдайды.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *