Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Қазақстандық қоғамдық даму институтының сауалнамасына сәйкес, азаматтардың 87,3%-ы «Заң мен Тәртіп» қағидатын қолдайды, ал 67,1%-ы Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын маңызды деп санайды.

Респонденттердің 74,2%-ы заң мен тәртіпті сақтау – мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі деп есептейді. Сонымен қатар, қазақстандықтардың 66%-ы цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту бастамасын, 60,7%-ы жасанды интеллект технологияларын енгізуді қолдайды.

Жалпы, зерттеу қоғамның заңдылықты, экологиялық мәдениетті және технологиялық дамуды қолдайтынын көрсетті.

https://kipd.kz/article/bolshinstvo-gradgdan-podderdgivayut-printsip-zakon-i-poryadok-i-ideyu-taza-qazaqstan-sotsopros