Өзара сенім және тең диалогқа негізделген «Шанхай рухын» сақтап қалды – Тоқаев ШЫҰ туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екенін атап өтті. Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын.

Негізгі ынтымақтастық бағыттары: сауда, инвестиция, энергетика, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым және цифрландыру. Қытай Қазақстанның басты сыртқы сауда серіктесі болып отыр.

Маңызды бағыттардың бірі — Орта дәлізді дамыту және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту. Сонымен қатар жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларға ерекше мән берілуде.

Қазақстан мен Қытай халықаралық ұйымдар аясында да тығыз жұмыс істейді. Екі ел БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруда.

Білім, мәдениет және туризм байланыстары да дамып келеді. 2025 жылы Қазақстанға 962 мың қытайлық турист келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 47%-ға көп.