«Балқаш» атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін. Жоба аясында көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған III+ буындағы ВВЭР-1200 реакторын пайдалану көзделіп отыр.
Реактордың қорғаныс жүйесі нейтрондарды сіңіретін арнайы өзектер мен бор қышқылының көмегімен тізбекті ядролық реакцияны апатты жағдайда тоқтатуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар электр энергиясы болмаған жағдайда да жұмыс істей алатын белсенді және пассивті салқындату жүйелері қарастырылған.
Ауыр апаттар кезінде қос қабатты қорғаныс қабықшасы радиоактивті заттардың сыртқы ортаға таралуына тосқауыл болады. Ал арнайы рекомбинаторлар сутегінің жарылу қаупін төмендетеді. «Балқыма тұзағы» деп аталатын құрылғы балқыған ядролық отынды ұстап, оның салқындауын қамтамасыз етеді.
«Балқаш» атом электр станциясы үшін барлық қауіпсіздік жүйелерінің сенімділігін жергілікті табиғи және климаттық жағдайларды ескере отырып растау аса маңызды.
Дереккөз: Bes.media – «Физика против стихии: как устроена защита реактора ВВЭР-1200 для будущей АЭС „Балхаш“»