Рудный тұрғындары – Президенттің халыққа Жолдауы туралы
2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Құжатта инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, отандық өндірісті қолдау және цифрлық технологияларды дамыту мәселелері қамтылды. Президент бастамаларына қатысты пікір білдіргендердің қатарында Рудный қаласының Жастар ресурстық орталығының әдіскер-заңгері Медеу Темірханов та бар:
«Жолдауды біз Жастар ресурстық орталығының әріптестерімен бірге тыңдадық. Жолдаудың басты мақсаты – еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Жалпы, Президент Жолдауында бірнеше маңызды бағытқа тоқталды. Соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, отандық өндірісті қолдау және цифрлық технологияларды дамыту мәселелері көтерілді. Менің ойымша, Жолдаудың маңызды бастамаларының бірі – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынысы. Оның аясында мемлекеттік ауруханалар, спорт және мәдениет саласының нысандары салынып, өңірлердегі инфрақұрылым жаңарады. Бұл халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін болғандықтан, осы бастамаға ерекше мән берді.
Сонымен қатар, мен үшін де, жастар үшін де білім алу, жаңа мамандықтарды меңгеру, кәсіпкерлікпен айналысу және заманауи технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Сондықтан жастар, Президент айтқанындай, еліміздің болашағы әрі бүгінгі дамудың белсенді қатысушылары. Әрбір жас білімге ұмтылып, адал еңбек етіп, қоғам өміріне белсенді қатысуы қажет деп ойлаймын.
Президент 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Мен бұл бастамамен толықтай келісемін, өйткені ол әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Жастардың қоғамдық рөлі жайлы айтар болсақ, жастар қоғамның белсенді әрі жауапты мүшесі болуы керек. Білім алу, адал еңбек ету, волонтерлік қызметке қатысу және азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жастардың ел дамуына нақты үлес қосылатынын Президент осы Жолдауда айтқан болатын. Жастар ресурстық орталығының өкілі ретінде де бұл бастаманы қолдауға атсалысамыз».
Жанарай РҮСТЕМҚЫЗЫ,
суретті түсірген Сұлтан СЕРТАЕВ