Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан өңірлерінде өнеркәсіп, көлік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда.
Көлік инфрақұрылымы
Шығыс Қазақстан облысында Тереңсай асуын айналып өтетін автомобиль жолы және Пихтовка өзені арқылы өтетін еліміздегі ең биік таулы автомобиль көпірі ашылды.
Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының 74 шақырымына жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жетісу облысында Мұқыры асуында ұзындығы 21 шақырым болатын төрт жолақты автомобиль жолы пайдалануға берілді.
Өнеркәсіп саласы
Алматы облысында тәулігіне 10 тонна өнім өндіруге қауқарлы ет өңдеу зауыты іске қосылды.
Түркістан облысында металл конструкцияларын өндіретін зауыт ашылды.
Абай облысында тәулігіне 200 тонна өсімдік майын өндіретін цех жұмысын бастады. Нәтижесінде 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Қарағанды облысында жасанды интеллект негізіндегі климаттық бақылау жүйесімен жабдықталған құс шаруашылығы кешені іске қосылды.
Әлеуметтік сала
Нарынқол ауылында бір ауысымда 250 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды.
Өскемен қаласында 148 орындық Гематология орталығы салынды.
Сарыағаш ауданында спорт және балалар ойын алаңдары ашылды.
Қостанай қаласында 1000 орындық көпфункционалды стадион пайдалануға берілді.