ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қостанай облысында қоғам, ғылым және білім өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен және өнеркәсіп жұмысшыларымен Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесулер өтті.
Кездесулер барысында заңнамалық реформалар, «Заң мен тәртіп» қағидаты, білім мен ғылымды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, отандық өндірісті қолдау және көлік-логистикалық әлеуетті күшейту мәселелері талқыланды.
Кездесулердің мақсаты – Жолдауда белгіленген міндеттерді халыққа түсіндіру және оларды өңірлік деңгейде жүзеге асыру тетіктерін таныстыру болды.
https://www.gov.kz/org/kostanay/press/news/details/1324694?lang=kk