✍️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы экономикалық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобы туралы» өкімді қолдады.
🔹 Даму мәселелерін шешу жөніндегі сарапшылар тобы – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының тұжырымдамалық идеялары мен басым бағыттарын сараптамалық тұрғыдан әзірлеу мақсатында Президент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган.
🔹 Сарапшылар тобының негізгі міндеттері – дамудың тұжырымдамалық тәсілдерін айқындау, сондай-ақ аналитикалық, әлеуметтанушылық және форсайттық зерттеулердің нәтижелерін сараптамалық тұрғыдан зерделеу.
🔹 Сарапшылар тобының жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты.
🔹 Сарапшылар тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Отырысқа топ құрамына кірмейтін мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, бизнес өкілдері, азаматтық қоғам мүшелері және өзге де мамандар қатыса алады.
t.me/aqorda_resmi t.me/aqorda_resmi/37408