РУДНЫЙДАҒЫ ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ СОЗЫЛМАЛЫ БОЛЫП БАРА ЖАТЫР МА?

«Рудный Ажар 2006» ЖШС қоқыс шығару кәсіпорны рудныйлықтарға өз қызметін көрсетуден тағы да бас тартты

Бұл жолы Строительная көшесіндегі No 37, 39, 41, 43, 57 үйлердің тұрғындары қызмет көрсетуші компанияға наразылық танытып отыр.

Кәсіпорынның мұндай шешім қабылдауының себебі – бұрын Горняцкий кентіндегідей – рентабельділік. Серіктестік қызметкерлері бір-ақ сәтте қоқыс контейнерлерін алып тастап, қордаланған қоқысты шығармай қойды. Горняцкийдегі рұқсат етілмеген үйінділерді тазалауға қала әкімдігі «Рахат-2108» ЖШС-ны тартпаса, бұл үйлердің тұрғындары бірте-бірте өз қоқыстарына батып кетер ма еді. Бірақ бұл шара уақытша. Мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу керек.

Кеше Рудный қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ысқақов Строительная көшесіндегі үйлердің тұрғындарымен кездесті. Жиында не істеу керек, кім кінәлі деген мәселелер талқыланды.

Материалдың толық нұсқасын орыс тілінде оқи аласыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *