Сауаттылық күн тәртібінде

Білім көшін ілгері жылжытып келе жатқан мұғалімдердің басты міндеті – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарымен тәжірибе алмасу мақсатында Дм.Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Іс-шараға қаламыздағы №7, №13, №15, №18, №19 білім ошақтарының ұстаздары қатысты. Семинар барысында Айгерім Мұсаева «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» атты шебер-сынып коучын өткізді. Қазақ тілі сабағынан Шамшира Кулжанова өз тәжірибесімен бөлісті. Қазақ әдебиеті пәнінен Лариса Сатыбалдиева функционалдық сауаттылықты арттырудың әдістерін өзінің ашық сабағында тиімді көрсете алды.

Кейінгі қауымға өнеге-өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын-жазушыларымыздың бірегейі Мұқағали Мақатаевқа  арналған «Мұқағали – поэзия тұлпары атты» әдеби-сазды кеші Б.Омиржанова мен К.Каримованың ұйымдастыруымен өз жалғасын тапты.

Семинардың қорытынды сөз кезегі келген қонақтардың еншісінде болды. Әр қатысушы семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, әдіс-тәсілдер қоржындарын толықтырғанын айтты.

Баян ОМИРЖАНОВА

Қазақ тілі мен әдебиті

пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *