Шебер байқауда шынығады

Бүгінде аймақтың колледждерінде жұмысшы мамандығының беделін арттырып, оны насихаттауға арналған «WorldSkills» конкурсының іріктеу кезеңдері өтуде. Мысалы, осы аптада Рудный политехникалық колледжінің «Слесарлық іс» және «Дәнекерлеу технологиялары» мамандығында оқитын үздік студенттер өзара мықтыны анықтады.

«ПРОФИ-2022» деген атаумен қолға алынған шараға осы оқу орнымен қатар Тау-кен технология және Құрылыс-көлік колледжінің «Мен» деген өндірістік шеберлері қазылық етті.

Сайыскерлерге «Слесарлік іс» құзыреттілігі бойынша гүл құмыраларына арналған сүйеуіш жасау ұсынылды. Болашақта бұл әзірлемелерді едендік гүлзарларды өндіру үшін пайдалану жоспарлануда.

Тапсырмаларды орындау кезінде таңбалау, металды кесу, бөлшектерді дайындау және орнату үшін слесарь операциялары қолданылды. Құрастыру электр доғалық дәнекерлеуді қамтыды. Бұл құзіреттілік бойынша Сәбит Сайманов 78 ұпаймен жеңімпаз атанды.

«Дәнекерлеу технологиялары» құзыретіне тапсырма ретінде Т-тәрізді құрылымды дәнекерлеу ұсынылды. Жастар дәнекерлеу жұмыстарын орындаудағы дағдылар мен икемдерін барынша көрсетуге тырысты. Әсіресе бойлық және көлденең тігістерді дәнекерлеуде асқан шеберлік қажет болды.

Тігістердің сапасын бақылау көзбен және суы бар ыдысты қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Осылайша қазылар алқасының бағалауы бойынша максималды 100 ұпайдың 82 ұпайын жинаған Вадим Креков үздік атанды.

Колледж ішілік байқаудың жеңімпаздары 2022 жылдың мамыр айында өтетін аймақтық «WorldSkills» байқауында колледж намысын қорғайды. Ендеше, жастарға сәттілік тілейік!

Айдын АСҚАР

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *