Тоқаев: БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет

Президенттің сөзінше, мемлекет ашық ақпараттық кеңістік құруға ерекше назар аударады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы айтты.

«Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үрдістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған байланысты. Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік құруға ерекше назар аударады. Сұранысқа ие және мықты медиа билік пен халық арасындағы тиімді коммуникация арналарын ұсына отырып, БАҚ көкейтесті мәселелерді көтере алады және көтеруі керек. Бірақ мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау қажет. БАҚ-ты төртінші билік деп бекер атамайды, сол себепті сіздерге адамдардың санасы мен жүрегіне әсер еткенде сақ болған жөн», – деді Қазақстан президенті .

Мемлекет басшысы БАҚ туралы заңды өзгерту қажет екенін айтты.

«Тәуелсіз және жауапты БАҚ-сыз одан әрі демократиялық қайта құру мүмкін емес деп сенемін. Сондықтан мемлекет мүдделерін, қоғам қажеттілігін және медиа саласындағы өзгерістерді ескере отырып «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды қайта қарау қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

informburo.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *