Ел үлесі – пәтерге

Садақа беру – береке кілті. Осыны басшылыққа алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Зекет» қоры тағы бір отбасыға пәтер кілтін табыстады

2019 жылы дүниеге келген «Ел үлесі – пәтерге» жобасы осы уақытқа дейін 533 мұқтаж отбасыға үй кілтін табыстапты. Әр облыстық мешітте өз қор жинағы бар, ол қаражат халықтан түскен зекет, қайырымдылық садақалары.

Бұл жолы Қостанай облыстық мешіті берекелі Рамазан айында Бейімбет Майлин ауданы, Елизаветинка ауылынан асыраушысы жоқ, бес балалы ана Жанар Жүнісқызына 534-ші баспана кілтін табыстады.

Игі шараға облыстың бас имамы Бақытжан Икрамұлы, Рудный мешітінің имамы Бектұрсын Уәлиев және Майлин ауданының имамы Ислам Хамзин, аудан, ауыл әкімдері мен ауыл ақсақалдары арнайы қатысты. Аудан әкімшілігі отбасы қуанышымен бөлісіп, кілем сыйға тартса, аудан имамы газплита және екі төсеніш кілем берді. Ауыл ақсақалдары бата беріп, мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты. Күтпеген жерден баспаналы болған Жанар да қуанышқа кенеліп, көз жасына ерік беріп, облыстық мешіт имамдарына шынайы алғысын білдірді.

Айдын АСҚАР

газета «Рудненский рабочий»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *