Қайызғақ не үшін пайда болады?

Бастағы қайызғақ әдемі көрінбейді және ол қандай да бір ауру жайлы белгі болуы мүмкін. Қайызғақтан арылу үшін алдымен оның пайда болу себебін түсіну керек. Қандай проблемалар қайызғақтың шығуына себепші болуы мүмкін екенін қарастырайық.

Зат алмасудың бұзылуы

Зат алмасу бұзылса, май бездері жұмысы жаңылады. Соның салдарынан
қайызғақ пайда болады. Ағзадағы зат алмасу процестерін ретке келтіру үшін бірінші кезекте, рационды дұрыстау керек. Күніне кем дегенде 3 рет, бірақ аз-аздан тамақтануға тырысыңыз. Құрамында тиімді метаболизм үшін қажетті барлық элементтері бар дұрыс тамақтар жеңіз. Мұндай өнімдерге жұмыртқа, майсыз ет, жаңғақтар, балық, көкөністер және сүтті өнімдер жатады.

Гормонды өзгеріс

Жүктілік, ішке қабылдайтын контрацептивтер және гормонды дәрілер
қайызғақтың пайда болуына себепші болуы мүмкін. Егер емделіп жүргенде
қайызғақ пайда болса және соңғы кездері гормонды өзгерістерді байқап жүрсеңіз, ол туралы дәрігерге хабарлау керек және трихолог маманның кеңесін алған жөн.

Күйзеліс

Күйзеліске шалдыққан адамдар жиі қайызғақпен қиналады. Мазасыз күйде жүрген кезде жағдай одан сайын ушығады. Оның себебі күйзеліс ағзаның қорғаныш механизмін әлсіретеді. Сондықтан күйзеліспен күресуді үйрену маңызды. Медитациялық жаттығулардың түрлерін зерттеп, өзіңіз үшін тиімдісін анықтаңыз.

Тері сезімталдығы

Уақыт өте тері сезімталдығы өзгеруі мүмкін. Ол үйреншікті немесе жаңа күтім құралдарына басқаша әсер беріп бастайды. Қайызғақ шашқа арналған күтім құралдарының себебінен пайда болып тұрғанын анықтау үшін уақытша сусабын мен кондиционерді ауыстырып көріңіз. Егер құралды өзгерту
қайызғақтан арылуға көмектессе, ескі әрі жаңа күтім құралдарыңыздың құрамдарын зерттеп, проблеманы туындатып тұрған мүмкін нәрсені анықтауға тырысыңыз. Содан соң келесіде құрамы ұқсас құралды сатып алмаңыз.

Авитаминоз

Ағзаға A, B, C, E дәрумендері, мыс, кальций және мырыш жетіспесе, қайызғақ пайда болады. Себебі А дәрумені май бездерінің қызметін ретке келтіреді және бас терісінің қайта қалпына келу процесіне қатысады. В тобының дәрумендері шаш саулығы мен оның өсуіне жауап береді және бас терісін қажетті қышқылдармен қамтамасыз етеді.

Тершеңдік

Шаш гигиенасын дұрыс сақтамау және тершеңдік те қайызғақтың пайда болуына себепші бола алады. Бұл жағдайда ол әдетте ыстық күндері немесе бас киімді ұзақ киетін уақытта — қыс мерзімінде пайда болады. Бұл проблеманы жеңу үшін қарама-қарсы душ қабылдау керек және қажеттілік туындаған бойда шашты жуып алған дұрыс. Сондай-ақ, ауасы құрғақ бөлмеде ұзақ
отырмауға тырысыңыз немесе ауа ылғалдандырғыш құрал қолданыңыз.

Асқазан-ішек жолы аурулары

Колит, дисбактериоз, жиі іш қату және бауыр аурулары себебінен Malassezia саңырауқұлағының белсенділігі артуы мүмкін. Ал оның себебінен қайызғақ пайда болады. Асқазан-ішек жолы проблемаларының себебінен ағза қоректік заттарды сіңіруді тоқтатады және қалыпты жұмыс үшін қажетті дәрумендерді, минералдарды және майлы қышқылдарды алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *