АҚШ-тың ең солтүстіктегі штатын Ресей саяхатшысы Беринг Витус ашқан. Кейіннен аталған аймақ АҚШ-қа сатылып, дербес штат ретінде құрылады. Өздеріңізге белгілі, штат – саяси құрылымы тәуелсіз статусқа ие аймақ. Штаттың өз басшысы, заңы, елтаңбасы мен жалауы болады. Ал АҚШ-тың ең үлкен штаты Алясканың жалауын жасы небәрі 13 жастағы бала салған екен.
1926 жылы Аляска губернаторы Джордж Паркс 7 мен 13 жас аралығындағы балаларға арнап байқау ұйымдастырады. Оларға жалаудың эскизін сызу тапсырылады. Байқау нәтижесі бойынша 13 жастағы Аляска тұрғыны Бенни Бенсонның жобасы үздік деп танылады.
Бенни жеңімпаз атанып, 1 000 АҚШ доллары көлемінде оқу грантын ұтып алады. Бұл сол кезде қомақты ақша болған. Жалауда Аляска аспанын сүреттейтін Көк түстің үстінде аляскалықтарға түнде үнемі жол көрсететін поляр жұлдызы мен Кіші аю шоқжұлдызы бейнеленген.
1927 жылы Бенни жалауы Аляска территориясының ресми символы ретінде қабылданған. 1959 жылы Аляска ресми түрде штаттық құрылымға өзгергенімен, көк түсті жалау символ ретінде қала береді.
Әзірлеген Айдын ҒАЛЫМҰЛЫ