Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі
Мемлекет басшысы биылғы жыл балалар жылы деп жарияланғанын атап өтті.
«Соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылық фактілерінің көбеюі алаңдатады. Сонымен қатар, 65% немесе 3000 мың мектепте бейнекамералар талаптарға сәйкес келмейді, кейде мүлдем жұмыс істемейді», – деді президент.
Оның айтуынша, жалпы ел бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында суицид саны азайды, бірақ Алматы, Жамбыл, Қостанай және Манистау облыстарында мұндай жағдайлардың саны артып келеді.
«Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажет. Тағы бір мәселе – жеке балабақшаларда балаларды ұрып-соғатын жағдайлар бар. Жұмыс істемейтін балабақшаларға қаражат бөлінген кезде фактілер саны артып келеді. Мұның бәрі осы мекемелердің жабық екенін және азаматтық жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында президент Қазақстанда коронавирустың ревакцинациясын қалпына келтіруді тапсырғанын еске саламыз. Ол медициналық сақтандыру жүйесі пайдалы болмағанын және нақты нәтижелер бермегенін атап өтті.