Рудный қаласының жастары білім, ғылым, мәдениет пен спорт саласында жоғары жетістіктерді көрсетіп келеді
Мәселен, жақында Қостанай облыстық білім басқармасына қарасты «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша білімді де, талантты жастардың тізімін жариялай бастады.
Үздіктер тізіміне кеншілер шаһарының 10 оқушысы еніпті. Ендеше олармен жеке жеке-жеке таныс болайық.
Ару Амангелдиева – №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
1-орын – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің облыстық олимпиадасы, 2022 ж.
2-орын – Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада, 2022 ж.
2-орын – Республикалық Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасы, 2022 ж.
Асел Шахатова – №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
1-орын – Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы «Құрылыс саласындағы жобалар» номинациясы, 2021 ж.
2-орын – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің облыстық олимпиадасы, 2022 ж.
3-орын – «Туған өлке-тұнған тарих» облыстық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы, 2021 ж.
Влада Гожева – № 5 гимназияның 11 сынып оқушысы.
Жетістіктері:
1 орын – Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасы, «Құқықтану негіздері», 2022 ж.
2 орын – Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы, «Құқықтану негіздері», 2022 ж.
Алина Хайбулина – №3 орта мектептің 5-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
3 орын — «Математика және жобалау» XVI Халықаралық конкурсы, 2022 ж.
Қалған 6 оқушы – Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясынан.
Мөлдір Айтмұратова – 11-сынып оқушысы. Былтыр Қожа Ахмет Яссауи хикмет конкурсының облыстық және республикалық кезеңінде 2-орынды иеленген.
Жолдасбек Анарбеков – 9-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
2 орын – Республикалық «Абай әлемі» конкурсы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» ақындық номинациясы, 2022 ж .
2 орын – Облыстық «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада, 2022 ж.
Грамота – «Ақберен» шығармашыл оқушылар арасындағы VIII республикалық өнер байқауы, 2021 ж.
Жақсылық Ердібай – 11-сынып оқушысы
Жетістіктері:
1-орын – Қазақстан тарихы пәнінен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІV (республикалық) кезеңі 2022 ж.
2-орын – Қазақстан тарихы пәнінен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңі 2022 ж.
Амина Кажиева – 11-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
1 орын – Облыстық «Білім. Бостандық Өркендеу- 2021» химия, биология, математика, физика пәндері бойынша олимпиада, 2021 ж.
3 орын – Республикалық «Абай оқулары» байқауы, 2022 ж.
Марк Ли – 9-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
1 орын – «АҚБЕРЕН» шығармашыл оқушылар арасындағы VIII республикалық өнер байқауы, 2021 ж.
Жеңімпаз – «Мың бала» мәдени-ағарту жобасының Республикалық кезеңі, 2022 ж.
Жамбыл Тоққожаев – 11-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
1 орын – Облыстық І.Жансүгіров оқулары, 2022 ж.
2 орын — Облыстық «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада, 2021 ж.
3 орын – Республикалық «Абай оқулары» байқауы, 2022 ж.
3 орын – Республикалық Жансүгіров оқулары, 2022 ж.
3 орын – Облыстық «Абай және Махамбет оқулары» байқауы, 2022 ж.
Жеңімпаз – Триумф, 2021 ж.
Грамота – Республикалық «Абай әлемі» олимпиадасы, 2021 ж.
Үздік оқушыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы оқу жылында білім, өнер мен спорт сайысында рудныйлық жастар одан да биік
белестерді бағындыра берсін!
Айдын АСҚАР
газета «Рудненский рабочий»